Астаналық «Барыс» ҚХЛ маусымын сәтсіз аяқтады

/
Астаналық «Барыс» ҚХЛ маусымын сәтсіз аяқтады

Астананың «Барысы» сырт алаңда Новосібірдің «Сибирімен» Құрлықтық хоккей лигасы маусымындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясы турнир кестесінде оныншы орында тұрса, ресейлік команда сегізінші сатыда орналасты.

Бірінші кезеңде Райли Уолштың шайбасының арқасында қонақтар алға шықты. Екінші кезеңде алаң иелері есепті теңестірді. Ойын тағдырын соңғы жиырма минут шешуі тиіс еді, алайда бұл кезеңде есеп өзгерген жоқ. Сөйтіп матч овертаймға, кейін буллиттер сериясына ұласты. Бұл сында ресейлік команда басым түсті.

Осылайша, «Барыс» ҚХЛ-дағы маусымын жеңіліспен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары