Жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні шамамен түнгі сағат бірде 9А шағынауданындағы жолда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
«Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады полиция.