Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"ҚФФ атқарушы комитетінің сырттай өткен дауыс беру қорытындысында 11 мүшенің 6-ы Лорияның қызметтен кетуін қолдаған. Оның ішінде 5 адам «жақтап», 3-еуі қарсы дауыс берсе, тағы 2 мүше қалыс қалған. Бұл шешім қазақстандық футбол үшін маңызды саналады. Себебі ҚФФ жарғысына сәйкес, бас хатшы федерациядағы көптеген мәселелерге жетекшілік етеді және құжаттарға қол қою құқығына ие", - деп жазылған 1bol.kz сайты таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Давид Лория 2025 жылдың 2 сәуірінде ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалған болатын. Ол – Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, ұлттық құрама сапында 46 матч өткізген.