Құлсарыда мұз астына түсіп кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгін ТЖМ өкілдеріне Атырау облысы Құлсары қаласындағы Қамыскөл көлінде ер адам мұз астына түсіп кеткені туралы хабар жеткен.
"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1951 жылы туған ер адамды судан шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен арғы бетке өтпек болған. Алайда мұз ойылып, ол суға түсіп кеткен", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.