Наурыз мерекесін атап өту аясында Білім басқармасы «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді.
Бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ.
Күні: 17 наурыз. Уақыты: 13:00. Өтетін орны: Алматы Арена.