Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

/
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі. Фото ЖИ арқылы жасалған

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.

Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

1. Балаларға арналған үздік кітап;

2. Үздік комикс;

3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;

4. Детектив жанрындағы үздік кітап;

5. Сатира жанрындағы үздік кітап;

6. Үздік иллюстрациялық кітап;

7. Үздік аударма кітабы;

8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;

9. Үздік баспа;

10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында (Алматы қ., Пушкин көшесі 2/76, 8 қабат, 817 кабинет) қабылданады.

Байқау ережелерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/982958?lang=kk

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар