Атырау облысында 2 және 4 жасар балалар үйде қамалып қалған

/
Атырау облысында 2 және 4 жасар балалар үйде қамалып қалған
istockphoto.com

Атырау облысында учаскелік полицей пәтерде кілттеніп қалған бүлдіршіндерді құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 наурыз күні Индер ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мейірбек Далабаевқа хабар түсті. Хабарламада Қонаев көшесіндегі пәтерде 2 және 4 жасар балалардың үйде кілттеніп қалғаны және газ плитасының қосулы тұрғаны жөнінде айтылған.

Ақпаратты ала салысымен учаскелік инспектор дереу көрсетілген мекенжайға барды. Төтенше жағдайлар қызметінің келуін күтпестен, ол бесінші қабаттағы көршінің балконы арқылы пәтерге кірген. Полиция қызметкері үй ішінде қалған екі баланың жағдайын тексеріп, олардың аман-есен екеніне көз жеткізіп, кейін пәтердің сыртқы есігін ашқан. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары