Павлодар тұрғыны зейнеткерді тонап кетпек болған

/
Павлодар тұрғыны зейнеткерді тонап кетпек болған
Polisia.kz

Павлодарда полицейлер зейнеткер әйелді тонамақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктіні ұстау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

– 11 наурыз күні полицияға тонау әрекеті туралы хабарлама түсті. Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін подъезінде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алуға тырысқан. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел қызметкерлер күдіктінің қашу бағыттарын, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Нәтижесінде Екібастұз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Аталған факті бойынша тонауға оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары