Референдум азаматтардың саяси белсенділігінің артқанын көрсетті – Гүлнар Нұрахметханова

/
Референдум азаматтардың саяси белсенділігінің артқанын көрсетті – Гүлнар Нұрахметханова
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өткен референдум қазақстандықтардың саяси белсенділігі мен мәдениеті артқанын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы байқаушыларының Жалпыұлттық референдумдағы дауыс беру қорытындыларына арналған брифингте Орталық аппараттың саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Гүлнар Нұрахметханова айтты.

Оның сөзінше, кешегі референдум азаматтардың ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті.

«Иә, қазір 5-10 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда азаматтарымыздың саяси белсенділігі артқанын және саяси мәдениеті қалыптасқанын сеніммен айтуға болады.

Кешегі референдум – соның айқын дәлелі. Азаматтар дауыс беруге белсенді қатысып, кейбірі тіпті мерекелік көңіл-күймен келді. Бұл олардың ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Бақылаушыларымыз осының барлығын әлеуметтік желілерде ашық жариялап отырды», – деді спикер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары