Жамбыл облысында 16 қырғызстандық жол апатынан қайтыс болды

Жамбыл облысында 16 қырғызстандық жол апатынан қайтыс болды

Жамбыл облысында 16 қырғызстандық жол апатынан қайтыс болды
ашық дереккөзі
185

Газель көлігі мен шағын автобустың соқтығсуынан 16 адам көз жұмып, қалғандары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Бішкектен шығып Солтүстік Қазақстан облысын бетке алған шағын автобуста 18 жолаушы болған, - деп хабаралайды Астана телеарнасы.

Оқиға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Қырғызстан азаматтары опат болған жол апатына байланысты тергеу амалдары басталғандығын хабарлаған. Апат құрбандары негізінен шағын автобус жолаушылары екендігі айтылуда. Жол апатынан екі автокөлікте отқа оранып, адамдардың денесін толықтай күйік шалған. Әзірге тек 7 қырғызстандықтың денесі танылған.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы, Гүлсара Мұхтарқұлова: "Оқиға байланысты ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасы орнына шұғыл түрде Жамбыл облысы ІІД басшысы құрамы бастаған жедел тергеу тобы барды. Анықталғандай, барлық жәбірленушілер - Қырғызстан Республикасының тұрғындары. Қазіргі уақытта анықтау басқармасының қызметкерлерімен жол-көлік оқиғасының себебін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде" дейді, телеарнаға берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары