Жетісу облысында бір әулеттен 40 адам референдумға дауыс беруге бірге барды

/
Жетісу облысында бір әулеттен 40 адам референдумға дауыс беруге бірге барды
Фото: 7-su.kz

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа оянған тұрғындар дауыс беруге келді. Ауыл халқы жаңа Конституцияның маңызын терең түсініп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz 7-su.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Округтегі ерекше көріністердің бірі – Тасыбаевтар әулеті. Ортақ шаңырақтан 40-қа жуық мейман келіп, дауыс беруге қатысты. Көш басында немере-шөберелерін жетектеп келген 88 жастағы Күлбағира анамыз болды. Алтын алқа иесі, 11 баланың анасы, бүгінде 31 немере, 42 шөбере сүйген әулет мүшелері ауылда үлгі көрсетіп отыр.

Бүгін №147 сайлау учаскесінде 500-ден аса тұрғын өз таңдауын жасап, Референдумның маңыздылығы туралы пікір алмасты. Мұндай ынтымақ пен бірлік ел дамуының кепілі болып табылады. Балпық ауылдық округі соңғы жылдары қарқынды дамып келеді: жаңа нысандар бой көтеріп, жұмыс орындары көбейген, жастар туған жерге атсалысуға ұмтылып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар