Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №493 дауыс беру учаскесіне бақылаушы болып бекітілген Күнім Досболова қазірге дейін халықтың 81,41 пайызы өз таңдауын жасап үлгергенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сондай-ақ оның айтуынша, дауыс берушілер үшін учаске маңында жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылған.
«Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №493 дауыс беру учаскесі таңғы 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Барлығы әділ түрде өтіп жатыр, учаскедегі жағдай тұрақты. Халықтың белсенділігі жоғары, осы уақытқа дейін шамамен халықтың 81,41 пайызы дауыс беріп үлгерді. Дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылық немесе ескертулер тіркелген жоқ.
Учаскеде жәрмеңке ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Дауыс берушілер ұлттық нақыштағы киім киіп, тіпті отбасымен бірге келіп өз таңдауларын жасады», – деді бақылаушы.
