Серік Сәпиев референдумда дауыс берді

/
Серік Сәпиев референдумда дауыс берді
Фото: instagram.com/serik_sapiyev

Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі Серік Сәпиев жаңа Конституциясын қабылдау бойынша азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында дауыс беріп тұрған сәтінің суретін жариялады.

Осылайша боксшы әр азаматтың ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум жалғасуда, ал қазақстандықтар өз пікірін білдіріп, мемлекеттің болашағына үлес қосу үшін сайлау учаскелеріне белсенді түрде келуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары