Жетісу облысында бір әулеттің 70 адамы дауыс беру учаскесіне бірге барды

/
Жетісу облысында бір әулеттің 70 адамы дауыс беру учаскесіне бірге барды

Жетісу облысы Жанама ауылында Шұғаевтар отбасы референдумда ұйымшылдық танытып,бірге дауыс беругебарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпазы Шұғаевтар әулеті №54 сайлау учаскесіне ерекше ұйымдастырушылықпен келіп, өз таңдауын жасады. Бір шаңырақтан шыққан 70 адам бірге келіп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Ең әсерлісі – кішкентай немере мен шөберелерін де осы маңызды сәтке ерте алып келгендері. Бұл – ұрпаққа елге деген құрметті, азаматтық жауапкершілікті үлгі етуінің айқын дәлелі.

«Мерейлі отбасы» атанған Шугаевтар әулеті тек отбасы бірлігімен ғана емес, қоғамдағы белсенділігімен де танымал. Бірнеше буын өкілдерінің бірге дауыс беруі – ұрпақ сабақтастығы мен елге деген құрметтің көрінісі болды.

Осылайша, Жанама ауылында әулеттің кішісі мен үлкені қатар келіп, ел болашағына қатысты маңызды таңдауда өз үлестерін қосты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар