Алматыдағы референдум учаскесінде дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр – бақылаушы

/
Алматыдағы референдум учаскесінде дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр – бақылаушы

Алматыдағы дауыс беру учаскелерінің бірінде бақылаушы ретінде қатысып отырған Жаңылыс Халықұл дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатқанын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бақылаушының айтуынша, учаскеде референдум талаптары мен заңнамалық нормалар толық сақталған. 

«Жалпы сайлау учаскесінде жағдай тұрақты. Сайлаушылар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Осы уақытқа дейін 6 мыңнан астам адам дауыс берді. Дауыс берушілер саны сағат сайын қарқынды артып жатыр.  Ешқандай құқық немесе заң бұзушылықтар байқалмады. 
Референдум өткізу процесі жақсы ұйымдастырылған. Сайлау тыныш, бірқалыпты өтіп жатыр. Сайлаушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Тіпті, арнайы кейіпкерлердің костюмдерінде келген дауыс берушілер де болды. 

18 жасқа толып, өз таңдауын алғаш жасап жатқандар да жетерлік», – деді бақылаушы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары