Алматыда ғасыр жасаған ардагер учаскеге келіп дауыс берді

/
Алматыда ғасыр жасаған ардагер учаскеге келіп дауыс берді
Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы №403 референдум учаскесінде дауыс беруге Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Долбня қатысты. Биыл ол 100 жасқа толады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жасына қарамастан, ардагер жақындарының сүйемелдеуімен учаскеге өзі келіп, референдумға қатысты.

«Бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға. Сондықтан келіп, азаматтық борышымды орындауды жөн көрдім. Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет, — деді ол дауыс бергеннен кейін.

Учаскеде ардагерді ерекше құрметпен қарсы алды. Комиссия мүшелері оған дауыс беру рәсімінен өтуге көмектесіп, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді.

Ардагердің референдумға қатысуы ел болашағына бейжай қарамайтын жауапкершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар