Екі рет «Иә»: Астаналық жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

/
Екі рет «Иә»: Астаналық жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады
Астана қаласының Коммуникациялар қызметі

Астаналық жігіт рефрендум күні сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласының Коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жігіт дауыс бергеннен кейін сүйіктісіне сайлау учаскесінің алдында гүл шоғын ұсынып, сақина тағып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

«Бүгін мен екі рет “иә” деді. Өз таңдауым үшін және сүйіктімнің ұсынысына», - деді күтпеген ұсынысқа толқыған қыз.

Бұл әдемі сәтті көрген қала тұрғындары жас жұпты құттықтап, естелікке суретке түсіп жатты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар