Ақтөбедегі дауыс беру учаскесінде «Тұсаукесер» рәсімі өтті (ВИДЕО)

/
Ақтөбедегі дауыс беру учаскесінде «Тұсаукесер» рәсімі өтті (ВИДЕО)
Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақтөбедегі дауыс беру учаскелерінің бірінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Тұсаукесер» атты салтанатты рәсім өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ел рухын, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыру.

Жиын барысында мектеп мұғалімдерінің кішкентай балаларына арнап «Тұсаукесер» рәсімі өткізілді. Осы арқылы қазақ халқының көне әрі мазмұны терең тәрбиелік мәні бар дәстүрлерінің бірі жоғары деңгейде көрсетіліп, кеңінен насихатталды.

Рәсім кезінде үлкендер балаларға ақ тілектерін айтып, жарқын болашақ тілеп, баталарын берді.

Іс-шараға қатысушылар ұлттық дәстүрлердің маңызын тереңірек түсініп, ел болашағына бейжай қарамайтын жауапты азаматтарды тәрбиелеудің мәні туралы өз ойларымен бөлісті.

Осындай тағылымы мол шаралар арқылы мектеп ұжымы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, қоғамдағы маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтын белсенді тұлға тәрбиелеуді мақсат етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар