Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға бақылаушы болып бекітілген Арайлым Әбдуалиева учаскедегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Астана қаласындағы №317 дауыс беру учаскесіне «AMANAT» партиясынан бақылаушы болып тіркелдім. Қазір сайлау учаскесінде ахуал жақсы. Ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ. 2 сағаттың ішінде 180-нен астам адам дауыс беруге келді. Қазір де келіп жатыр.
Әзірге ескертулер тіркелген жоқ. Дауыс берушілердің көңіл күйі өте жақсы», – деді А. Әбдуалиева.