Генерал-майор Аңсаған Балтабеков №266 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетейік, Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде 36 сайлау учаскесі ашылған. Бұл ұландықтар мен олардың отбасы мүшелеріне конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.