Ақмола облысында көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып, қашып кеткен

/
Ақмола облысында көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып, қашып кеткен
Фото: gov.kz

Ақмола облысында Астанада жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға елордада болған. Subaru маркалы автокөліктің жүргізушісі Астанада 17 жастағы жасөспірімді қағып, содан кейін оқиға орнынан кетіп қалып, Көкшетау қаласы бағытына қарай бет алған.

Көлікке қатысты бағдарлама жедел түрде барлық полиция бекеттеріне және республикалық маңызы бар автожолдарға жолданды.

Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері іздеуде жүрген автокөліктің шамамен сағат 10:10-да жол терминалы арқылы өткенін анықтады. Шамамен 30 минуттан кейін полицейлер аталған көлікті Астана – Щучинск автожолының 108-шақырымында, Ақкөл қаласына кіреберісте тоқтатты, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жүргізуші ұсталып, әрі қарайғы тексеру жүргізу және кейін Астанадағы әріптестеріне тапсыру үшін Ақмола облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының іздестіру бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар