Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

/
Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды
kznews.kz коллажы

Атырау облысында өткен жылы жоғалып кеткен отбасы туралы әлеуметтік желі арқылы тың деректер таратқан хакер Түркияда ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратура мәліметінше, полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті Ж.Н. түрлі сылтауларды алға тартып, азаматтардың ақшасын иемденген.

Ол өзін инвестиция салуға мүмкіндік барын айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашып беру, қаражатты шығарып алуға көмектесу және техника сату сияқты қызметтерді ұсынып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Осылайша, бірнеше эпизод бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 13,7 млн теңгеден асқан, - деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Атыраулық хакердің Ыстамбұлда ұсталғаны туралы қауесет тараған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар