Алматы ұрланған телефондарды сатып алып отырған тұрғын қамауға алынды

/
Алматы ұрланған телефондарды сатып алып отырған тұрғын қамауға алынды
Polisia.kz

Алматыда полиция бұрын ұсталған, ұрланған ұялы телефондарды сатып алып отырған азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оның ұсталғаны туралы алғаш рет бір айдан астам уақыт бұрын хабарланған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір аталған азамат қамауға алынды. Тергеу барысында оның алты бірдей ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді. Тексеру кезінде кейбір жәбірленушілердің ұялы телефондарының жоғалғаны туралы полицияға арызданбағаны анықталды. Соған қарамастан жедел қызметкерлер жүргізген жұмыс нәтижесінде ұрланған мобильді құрылғылар табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

– Ұрлық тізбегіндегі делдалдарды анықтау және олармен жұмыс жүргізу – аса маңызды бағыттардың бірі. Бұл жағдай азаматтар ұялы телефондарының жоғалғаны туралы полицияға жүгінбегеннің өзінде де құқық бұзушылықтарды анықтап, ұрланған мүлікті заңды иелеріне қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетті. Ұсталған азаматтың алты эпизодқа қатысы дәлелденді. Тергеу амалдары жалғасуда, – деді Алматы қаласы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Қазір жедел қызметкерлер заңсыз әрекеттердің барлық эпизодтарын анықтау және жәбірленушілердің толық шеңберін белгілеу мақсатында кешенді іс-шараларды жалғастырып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары