Алматы зообағына сирек кездесетін Жаңа Гвинеяның алып кесірткелері әкелінді

/
Алматы зообағына сирек кездесетін Жаңа Гвинеяның алып кесірткелері әкелінді
Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан шыққан сирек кездесетін Сальвадор кесірткелері әкелінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, табиғатта бұл алып бауырымен жорғалаушылар тек осы аралда ғана кездеседі. Олар ұзын әрі қуатты құйрығымен және қолтырауын терісіне ұқсайтын ерекше қабыршақты терісімен ерекшеленеді. Бұған дейін олар Алматыда болмаған.

10 жастан асқан кесірткелер жұбы Индонезиядан жеткізілді. Олар үшін табиғи ортаға барынша ұқсас жағдай жасалып, жоғары температура мен ылғалдылық сақталатын арнайы террариум дайындалды.

Келушілер жаңа тұрғындарды зообақтың «Экзотариум» бөлімінен көре алады. Сондай-ақ, бұл сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың тіршілігі мен ерекше қасиеттері туралы көбірек мәлімет алуға мүмкіндік бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары