Түркияның Анталья қаласында дзюдодан «Judo European Cup Antalya» турнирі өткен болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бәсекеге әлемнің 21 елінен 550 спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Аталған жарыста Түркістан облысының спортшысы Ерік Үсенов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Бұл нәтиже Қазақстан дзюдосының халықаралық аренадағы беделін арттыра түсті.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандық спортшылар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.