Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

/
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Джессика Пегуламен (АҚШ) кездесті.

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Рыбакина 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Элина Свитолинамен (Украина) кездеседі.

Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары