Өскеменде «Газель» көлігінен 1 тоннаға жуық спирт тәркіленді

/
Өскеменде «Газель» көлігінен 1 тоннаға жуық спирт тәркіленді
ШҚО ДП

Өскемен көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышын тексеру барысында құрамында спирті болуы мүмкін сұйықтық толтырылған ыдыстар анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәркіленген жүктің жалпы көлемі шамамен 1000 литрді құрады.

Қазіргі уақытта өнімнің шығу тегі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай тексерулер құқықтық тәртіпті сақтау және заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары