Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны басып кетті

/
Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны басып кетті
istockphoto

Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны басып кетті.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты "Торғай-Сілеті" учаскесінде болған.

"Жүк пойызының жүргізушісі рельстерде малдың жүруіне байланысты шұғыл тежегішті басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.

Пойыз қозғалысы 23 минутқа тоқтап қалды.

Полицейлер 35 жастағы шопанды анықтап, жауапкершілікке тартты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары