Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын жария етті

/
Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын жария етті
istockphoto

Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісу облысында 12 наурыз сағат 20:20-дан бастап Үшарал – Достық автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы – Достық станциясы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ 12 наурыз сағат 20:00-ден бастап Ақтөбе облысы мен Қостанай облысы аумағында да жолдар жабылды.

Атап айтқанда, Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының:

89-234 шақырым аралығы (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы);

234-455 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Тобыл ауылы) уақытша жабылды.

Аталған жолдарды 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар