БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған. Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді.
Экология департаменті компанияға ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды. Айыппұл өндірілді.
Мұнай-газ саласы субъектілерінің экологиялық заңнаманы сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.