«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды

/
«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды
Kazakh Tourism

Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2026» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба тұрақты туризмді дамытуға, мәдени мұра мен дәстүрлерді сақтауға және Қазақстандағы ауылдық жерлердің экономикалық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады. Оған облыс әкімдіктері өңірдегі үш ауылды ұсына алады.

Байқауға қатысушыларды туризм саласындағы сарапшылардан тұратын тәуелсіз кеңес бағалайды.

Атап өткен жөн, 2025 жылы үздік туристік ауылдар қатарына Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (БҚО), Поперечное (ШҚО), Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары кірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар