Орал қаласында жеке тұрғын үйде болған өрттен кейін зейнеткер әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz "Мой город" баслымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 1950 жылы туған әйелдің денесі 27 ақпан күні шамамен сағат 17:30-да Тайманов көшесінде орналасқан үйден табылған.
Ведомствоның хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді.