Атырауда 21 жастағы жергілікті тұрғын 19 жастағы қызды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттаған. Оқиғаның бір бөлігін ол әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әлеуметтік желіде видео жариялап, онда қолындағы пышақты және қолындағы жарақаттарды көрсеткен. Кадрда жанында тұрған 19 жастағы қыз да көрінеді. Ол қызды көрермендерге үндеу жасауға мәжбүрлегені хабарланды.
Кейін бірнеше сағат бойы қызды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Полиция күдіктіні ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы («Азаптау») және 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.