Павлодарда мал іздеп шыққан бақташы қаза тапты

/
Павлодарда мал іздеп шыққан бақташы қаза тапты
istockphoto.com

Павлодар облысында боран кезінде малшы қаза тапты. Ер адамның денесі 11 наурыз күні таңертең табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Майқайың маңында болған. Малшы «Алтыс» шаруа қожалығында жұмыс істеген. 10 наурыз күні ол мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен.

«Кейін адасып кеткен. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бүгін сағат 8-де оны тұрақты жүрген орнынан 15 шақырым қашықтықта тапты», – деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД.

Дәрігерлердің мәліметінше, өткен тәулікте үш адам аяқ-қолын үсік шалған. Сондай-ақ бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғаларынан 19 адам зардап шеккен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары