Шымбұлақта түнгі уақытта серуендеп жүрген шетел азаматы жыраға құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, 25 жастағы Ресей азаматы шамамен түнгі сағат 01:00-де оқыс жағдайға ұшыраған.
Оқиға орнына жедел түрде Қалалық құтқару қызметі мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының құтқарушылары барды.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шегуші жатқан жерге түсіп, альпинистік құрал-жабдықтар, арқанның көмегімен оны жырадан жоғары көтеріп алып шықты. Тексеру нәтижесінде ер адамға медициналық көмек қажет еместігі анықталды.
Еске саламыз, Алматы тауларында әлі қар жатыр. Осыған байланысты тұрғындар мен туристерден қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлеріне баруда барынша абай болуды сұраймыз», – делінген қалалық ТЖД хабарламасында.