Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттерінің сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – деп жазады Білім басқармасы.