Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит, бұранда және гайканы алып шықты

/
Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит, бұранда және гайканы алып шықты
Қалалық балалар клиникалық ауруханасы

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасы ішінің қатты ауырғанына шағымданған баланы жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz Otyrar-ға сілтеме жасап хабарлады.

Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтар баланы тексеріп, құрсақ қуысының рентгенографиясын тағайындады. Тексеру нәтижесінде баланың ішегінен бөгде заттар магнит, бұранда және металл элементі анықталған.

Осыдан кейін бала балалар хирургиясы бөліміне жатқызылып, шұғыл түрде ота жасалды. Операция барысында дәрігерлер баланың ішегінен магнит, бұранда және алты қырлы гайканы алып шықты.

Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары