Ақсу ферроқорытпа зауытында мұржаның бір бөлігі құлады

/
Ақсу ферроқорытпа зауытында мұржаның бір бөлігі құлады
Видеодан скриншот

Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында дауыл салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі құлап түсті. Оқиға кәсіпорын аумағындағы №1 балқыту цехында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорын мәліметінше, №15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі қатты желдің әсерінен құлаған. Зардап шеккендер жоқ, ал оқиға өндірістік үдеріске айтарлықтай әсер етпеген.

Қазхром компаниясының хабарлауынша, негізгі технологиялық процестер қалыпты режимде жалғасып жатыр. Нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы жүргізілген.

Қазіргі уақытта кәсіпорында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Мамандар нысанның жағдайын бақылап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары