Ауыр атлет Илья Ильиннің жұбайы күйеуіне спорт зейнетақысы тағайындалғанын мәлім етті,, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Өткен аптада күйеуіме спорт саласындағы еңбек өтілі үшін тағайындалатын спорттық зейнетақы туралы бұйрыққа қол қойылды.
Қазақстанда мұндай құқық спортқа өмірінің 20 жылдан астам уақытын арнаған Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондарына беріледі.
Оның жүріп өткен жолына қарасам, бір ғана ой келеді.
Илья небәрі 37 жаста, бірақ осы уақыт ішінде ол бірнеше спорттық ғұмырға татитын мансапты артта қалдырды», - деді спортшының әйелі.
Айта кетейік, Илья Ильин – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Мансабында ол ауыр атлетикадан төрт рет әлем чемпионатында және екі рет Азия чемпионатында жеңіске жетті. Ол 2008 және 2012 жылдары Олимпиада алтынын жеңіп алды, бірақ кейінірек допинг дауына ілігіп, медалінен айырылды.