10 наурызда Астана – Қарағанды автожолында, Ошаганды ауылы маңында Қарағанды бағытына қарай адам өлімімен аяқталған жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, тасжолдың 147-шақырымында жеті көлік соқтығысқан.
«Соқтығыс тізбекті түрде болған. Алда Chevrolet Nexia көлігі қозғалып келе жатқан, содан кейін Chery Tiggo көлігімен соқтығыс болған. Одан кейін Toyota Land Cruiser Chery Tiggo көлігіне соғылған. Артынша жүк көлігі Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысып, кейін “ҚазАвтоЖол” қызметтік пикапы мен УАЗ Hunter автокөлігінің қатысуымен тағы бір соқтығыс боған», – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.