Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды

/
Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды
Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Италияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sports.kz басылымының мәліметінше, дауыс беру төрт номинация бойынша өтеді: «Үздік костюм», «Ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы».

Италиядағы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров «Үздік костюм» номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне енгізілді (2026 жылғы Олимпиаданың еркін бағдарламасындағы өнер көрсетуі үшін).

«Бұл әзірге лонг-лист. Жанкүйерлердің дауыс беруі 18 наурызға дейін жалғасады. Нәтижесінде әр санатта үш номинанттан қалады. Жеңімпаздар 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионатының банкетінде жарияланады», – деп жазады басылым.

Оның қарсыластары қатарында америкалық Илья Малинин, эстониялық мәнерлеп сырғанаушы Александр Селевко, жапониялық Каори Сакамото және басқа спортшылар бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары