Астаналық кондитерлер салмағы 1,5 тонна торт әзірледі

/
Астаналық кондитерлер салмағы 1,5 тонна торт әзірледі

Астанада жас кондитерлер жаңа Конституцияны қолдау мақсатында салмағы 1,5 тоннаға жететін торт дайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Торттың ұзындығы – 7 метр, ені – 3 метр. Кондитерлік бұйымның ортасына «Жаңа Конституция» деген жазу жазылған.

Аталған бастама елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды қолдаудың символдық акциясына айналып, астананың аспаздық қауымдастығы өкілдерін біріктірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары