Ақтөбе әкімі үш рет егіз босанған ананы құттықтады

/
Ақтөбе әкімі үш рет егіз босанған ананы құттықтады
Ақтөбе әкімдігі

Ақтөбеден 27 шақырым қашықтағы Бекқұл баба ауылында ерекше жас отбасы тұрады. Ерекшелігі сол, отанасы 34 жастағы Алмагүл Сейлова үш рет егіз босанып, алты баланың анасы атанған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Күміс алқа» иегері бірінші рет 2013 жылы егіз ұлды өмірге әкеледі. Араға үш жыл салып, 2016 жылы бір ұл және бір қыз бірге туылады. 2022 жылы, яғни алты жылдан кейін бұл отбасында тағы да егіздер (ұл мен қыз) өмірге келеді.

Егізден туылған балалардың анасын Халықаралық әйелдер күні мерекесінде қала әкімі Азамат Бекет арнайылап құттықтап барды. Жас отбасына тілегін арнады, сый-сияпат жасады. Бала тәрбиесі турасында әңгіме өрбіп, балалар әкімге өз жетістіктерін мақтанып айтты. Балалардың бәрі де спортпен шұғылданады. Үлкен егіздер еркін күрестен қалалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр.

Оған алған марапаттары мен медальдары дәлел.

Балалардың әкесі «Ассана дорстрой» ұйымында көлік жүргізуші болып жұмыс істейді. Ал анасы Алмагүл спорт факультетін бітірген, №76 мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

«Осындай әдемі, талапты, талантты балаларды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырғандарыңызға алғысым шексіз. Ең бастысы балалар жақсы адам болып өссін», - деп тілегін жеткізді Азамат Бекет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар