Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында, Ақтасты ауылынан 30 шақырым жерде екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 8 адамды эвакуациялап, оларды Толыбай елді мекеніне жеткізді.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: жолға шығар алдында ауа райы жағдайын және жолдардың жай-күйін ескеру қажет. Ауа райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартқан жөн.