Еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

/
Еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
istockphoto

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 8 наурызда сағат 20:00-ден бастап бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы аумағында келесі жол учаскелері жабылады:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный кенті – Павлодар облысы шекарасы);

«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті).

Ақмола облысы бойынша:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы аумағында:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-415 шақырымы (Атамекен ауылы – Ақмола облысының шекарасы);

«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Қалқаман кенті).

Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысы 2026 жылғы 9 наурыз сағат 08:00-де қайта ашылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар