Кеше Таяу Шығыстан елге 1 786 жолаушы оралды

/
Кеше Таяу Шығыстан елге 1 786 жолаушы оралды
Gov.kz

Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлап отыр.

3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары