Қазгидромет 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды

/
Қазгидромет 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Ortcom.kz

«Қазгидромет» Қазақстанның барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Синоптиктердің болжамынша, Астанада жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Ал Алматы облысында және Қонаев қаласында тұман болжанып отыр.

Ақмола облысында көктайғақ, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетау қаласында жаңбыр, қар, боран және көктайғақ болады.

Шымкентті кей кездері тұман басуы ықтимал.

Абай облысында күндіз жаңбыр, қар, боран және көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең тұман болады. Семей қаласында күннің екінші жартысында көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысында түнде аздаған қар, көктайғақ және кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Ақтөбе қаласында күндіз қар мен жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Атырау облысында тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар, боран және көктайғақ болады, ал түнде және таңертең тұман түседі. Өскемен қаласында күннің екінші жартысында көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысында және Тараз қаласында тұман күтіледі.

Жетісу облысында түнде және таңертең тұман болып, жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар мен көктайғақ, ал күндіз жаңбыр мен қар және тұман болжанған. Орал қаласында түнде қар, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ, ал күндіз жаңбыр, қар және тұман күтіледі. Қарағанды қаласында да осындай ауа райы болжанып отыр.

Қостанай облысында түнде қар, боран және көктайғақ, ал күндіз жаңбыр, қар, боран және тұман болады. Қостанай қаласында да осындай жағдай күтіледі.

Қызылорда облысында түнде көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Қызылорда қаласында да кей уақыттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысында түнде жолдарда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтау қаласында да жолдар көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысында түнде жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын, ал күндіз жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Павлодар қаласында да осындай ауа райы болжануда.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздаған қар, ал күндіз қар түріндегі жауын-шашын, боран және көктайғақ болады. Петропавл қаласында күндіз аздаған жауын-шашын, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі.

Түркістан облысында күндіз жаңбыр мен найзағай, ал түнде көктайғақ пен тұман болады. Түркістан қаласында да кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ұлытау облысында жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман болуы мүмкін. Жезқазған қаласын түнде және таңертең тұман басады.

Осыған дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары