Жол-көлік оқиғасы Солтүстік Қазақстан облысында «Астана-Петропавл» тас жолында болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан екі жүк көлігінің бетпе-бет соқтығысқанын көруге болады.
СҚО полиция департаменті осы дерекке қатысты түсінік берді.
Жол-көлік оқиғасы бүгін 7 наурыз күні «Астана-Петропавл» тас жолында, Астраханка және Чапаево елді мекендерінің маңында болды. MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан оқиға орнында 32 жастағы жүргізушілердің бірі мерт болды. Қазір осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Қазір жолдарда көктайғақ. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полицейлер жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды, ауа райын ескеріп, көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыруды еске салды.