Мемлекет басшысы Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тарту шешімін құптайды

/
Мемлекет басшысы Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тарту шешімін құптайды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары