Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі кеніш шахтасынан ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта полиция оның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды облыстық ПД.
Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентіндегі кеніште тағы бір жазатайым оқиға тіркелді. Онда алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқан адам қазба жұмысын заңсыз жүргізуі мүмкін.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қаза болған адамның жеке басын және оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.